Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
Фото: Мадина Маратовна
Сотталушы тарап сот процесін жабық форматта өткізуді талап етті. Айыпталушылар орнында баланың әкесі жағынан туысы отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында 33 жастағы ер адам үйде өзінің екі кәмелетке толмаған баласымен және жиенімен жалғыз қалған. Ер адамның айтуынша, жиені оның төрт жасар қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған. Ашуға булыққан ер адам жиенін аяусыз ұрып-соққан. Соққыдан жәбірленушінің саусақтары сынған, миы шайқалған, бірінші дәрежелі күйік алған, денесінің барлық жері көгеріп, қанталаған.
Баланың анасы Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұлын атасының өтінішімен Балқаш қаласына бір жарым айға жібергенін айтты. Баланың әкесі, яғни оның бұрынғы күйеуі қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр екен. Оқиға болған күні атасы жұмыста болған.
Мамандар мен сараптама сегіз жастағы бала үшін жыныстық зорлық-зомбылық физиологиялық тұрғыдан мүмкін емес екенін растады. Баланың анасының айтуынша, бала ауыр психологиялық жарақат алған.
«Түнде қорқынышты түстер көреді, ұйықтап жатқанда кейде кіші дәретін ұстай алмай қалады. Қай жерде болса да, үнемі есіктерді жауып жүреді. Есік қағылса полиция қызметкерлері деп ойлап, қорқады. Мектепте қатарластарымен тіл табыса алмайды. Қыздармен сөйлескісі келмейді. Тұйық, себепсіз жылай береді. Оны не үшін ұрғанын өзі де түсінбеді. Ештеңе ұқпады. Кей сәттерде есінен танып қалғанын, кейбір оқиғаларды мүлде есіне түсіре алмайтынын айтты», — деді баланың анасы.
Әйелдің айтуынша, 2 тамызда ер адамның арызынан кейін полиция бірнеше сағат бойы баланы психологсыз жауапқа тартқан. Бұл бала үшін қосымша психологиялық соққы болған. Алдымен тергеушілер қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша іс қозғаған, бірақ кейін бұл іс тоқтатылды.
Сот процесіне журналистер келген сәтте айыпталушы, оның адвокаты және іс бойынша прокурор сотты жабық режимге көшіруді талап етті.
Оның себебін «Интимдік сипаттағы мәліметтердің жарияланбауы үшін» деп түсіндірді олар.
Судья бұл өтінішті қанағаттандырып, журналистерді залдан шығаруды тапсырды. Айыпталған жақ пікір беруден бас тартты. Ер адам кәмелетке толмаған балаға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіргені үшін 6 тамыздан бері қамауда отыр.
Баланың анасы ұзақ уақыт дәрігерлерге бара бергендіктен жұмысынан айырылғанын, әрі қарай психологиялық көмекке ақы төлеуге шамасы болмай, несие алуға мәжбүр екенін айтты.
«Мен әділдікті қалаймын. Ол жазасын алсын, келтірілген зиянды өтесін, сонымен бұл іс жабылсын», — деді ол.
Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды.
Жаңалықтар
- Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
- Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
- Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
- Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді
- Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды
- «Жуас қыз болғасын барынша басынған»: Шымкентте танысы өлтірген қыздың ағасы жазба жариялады
- Ержан Қазыхан Қазақстан президенті атынан АҚШ-пен келіссөздер жүргізеді
- Павлодар–Қызылорда тасжолында жантүршігерлік апаттан 2 адам мерт болды
- Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияға жетті
- «Біз кез келген сценарийге дайынбыз» — Иран билігі Трамптың мәлімдемелеріне қалай жауап берді?
- «11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
- Түркістан облысында әйел мен екі баласы газдан уланып қайтыс болды
- Атырау облысындағы бүтін бір отбасының қасіреті: Күдікті мен әйеліне халықаралық іздеу салынды
- Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
- Таиландта аударылған катердің ішінде 8 қазақстандық болған
- Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады
- Тікелей эфирде қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны cотталды
- Еліміздің сыртқы істер министрлігі бірқатар қажет емес міндеттен құтылды
- Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі марқұм Бабақұмаровтың ісі сотқа жолданды
- Ақтау полицейлері Каспий теңізіне батып кете жаздаған жасөспірімді аман алып қалды