Балғынбек Имашев ұлын алаяқ дегендерге жауап берді
Фото: Instagram/ Balgynbek_imash
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев ұлы Данияр Имашевті алаяқ дегендерге істің қалай болғанын егжей-тегжейіне дейін айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Nege сайтына берген сұхбатында Имашев ұлының «Qazaq Travel-де» атқарушы директор болып жұмыс істегеніне бар болғаны 3 ай толғанын, әрі әлеуметтік желіде айтылып жатқан алаяқтықты жасамағанын мәлімдеді.
«Ұлым онда атқарушы директор болып жұмыс істегенімен қаржы жағына араласпады. Менің ұлым болған соң ғана алаяқ деп шулатып жіберді. Ол ақшаны жымқырып, алаяқтық жасаған жоқ, бұл шындыққа жанаспайды», – деді айтыскер.
Сонымен қатар, Балғынбек Имашевтің айтуынша, қажылыққа бармақ болған 50-ге жуық адам алдымен істің мән-жайын білмей, арыз жазбай, әлеуметтік желде айқай-шу шығарған. Артынша компания ұшақ уақытында ұшпайтын болған соң, қажылықты бірнеше күнге кешіктіргені анықталды.
«Құқықты қорғаған дұрыс. Бірақ бірден әлеуметтік желіде шу шығармай, алдымен компаниямен сөйлесіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқан жөн. Иә, тур кешікті, рейс ұшпады, бірақ компания із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Кеңсесі ашық. Қазір туристердің ақшасы қайтарылды. Сол себепті «алдады» немесе «алаяқ» деуге асықпау керек», –деді Имашев.
Еске сала кетейік, «Qazaq Travel» компаниясы 50-ге жуық қажылыққа бармақ болған адамның ақшасын алып, кеңселерін жауып, жоқ болып кетті деген ақпарат әлеуметтік желіде айтылды. Соның ішінде айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлы Данияр Имашевтің де қатысы бар деген дерек тарады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды