Балғынбек Имашев пен баласының басы тағы дауға қалды
Фото: Instagram/ balgynbek_imash
Айтыскер Балғынбек Имашевтың ұлынан қажылыққа жолдама сатып алдық деген 40 адам полиция басқармасына барып шу шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сәуір айында Данияр Имашев алаяқтық фактісі бойынша тергеуге алынған еді. Ол «Qazaq Travel» компаниясының атқарушы директоры ретінде Медина мен Меккеге 40 шақты адамды жібере алмай қалған. Қажылығы мен қаражатынан қағылған бір топ адам полицияға арыз жазды. Бұл іс аясында үш адам күдікті деп танылған, олардың қатарында компанияның бұрынғы атқарушы директоры Данияр Имашев та бар.
Енді еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40 шақты адам қаражатын қайтара алмай жүр. Олар полиция бөліміне барып, тергеудің қалай жүріп жатқаны туралы сұрастырды.
«19 сәуірде ұшуым керек еді. Бірақ ұшпадық, ақшамыз да қайтарылмады. Ең бірінші жұмаға дейін қайтарамыз деді. Кейін Құрбан айтқа дейін қайтарамыз деп уәде берді. Директоры — Имашов Данияр деген жігіт», — дейді жәбірленуші Берік Маржанов.
Қажылыққа барамыз деп ниет еткендердің әрқайсысы 500 мың теңгеден төлеген. Имашев бас-аяғы 20 млн теңгедей қайтаруы керек. Сан соғып қалғандар Балғынбек Имашевтың жарнамасына алдандық деп отыр. Енді айтыскер де, ұлы да хабарласпай отырған көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін айтыскер ақын Балғынбек Имашев ұлы Данияр Имашевті алаяқ дегендерге істің қалай болғанын егжей-тегжейіне дейін айтып берген еді.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр