Баласын «тоқпақтап» тәрбиелейтін ата-аналар қатаң жазаланады
Фото: gov.kz
16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзетулер күшіне енеді. Енді баланы оқтаумен ұрмақ түгілі шапалақпен тартып жіберген ата-аналар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін Orda.kz.
Жаңа түзетулер балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-аналар мен қамқоршылардың жауапкершілігін күшейтеді.
Бұған дейін баланы ұрып-соғу әкімшілік құқық бұзушылық деп саналған. Баласына зәбір көрсеткен ата-аналарға 160 АЕК (2025 жылы шамамен 630 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынатын болған.
Яғни, қатыгез ата-аналар ең көп дегенде 40 тәулікке қамалатын.
Бірақ енді жаза әлдеқайда ауырлайды:
• 1 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл (2025 жылы шамамен 3,9 миллион теңге);
• егер қатыгез қарым-қатынас тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға әкелсе - 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады;
• егер зардап шеккен балалар екі және одан да көп болса - 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Қосымша сот кінәлілерді үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра алады.
Жаңа түзетулер Қазақстандағы бала құқығын қорғауды күшейтіп, оларды қатыгездіктен қорғайды. Тәрбиелеу ата-ананың міндеті, бірақ зорлық-зомбылық жасауға жол берілмейді.
Айта кетейік, 2024 жылы 600-ден астам қазақстандық ата-ана құқығынан айырылды. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана профилактикалық есепке алынды.
Жақында Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің аналары ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар былтыр сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп таныды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды