Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
Коллаж: Orda.kz
Былтырғы 29 қазан күні Алматы облысы Есік қаласының маңындағы Құлжа трассасы бойында жан түршігерлік жол апаты болған. Салдарынан бір азамат қаза тауып, екіншісі мүгедек болып қалды. Сот шешімі күні кеше шыққан болатын. Сот жүргізушіге не бәрі екі жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол 6 ай тергеу изоляторында отырған, енді бір жыл төрт айын жаза мекемесінде өтеп бостандыққа шықпақшы. Orda.kz тілшісі Есік қаласына барып, ұлынан айырылған мүгедек анамен және апаттың салдарынан мүгедек болып қалған жәбірленушімен тілдесіп қайтты.

Қанат Маратұлы мен Алиев Зокир Құралбайұлы екеуі жұмыстан қайтып бара жатқан жолда көлік қағып, біреуі қайтыс болып, екіншісі мүгедек болып қалды. Оларды жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан жерінен сағатына 190 шақырым жылдамдықпен келіп соққан. Көлікті тізгіндеген 21 жастағы Бейсен Ұлан Айдосұлы. Қаза тапқан азаматтың анасы мен мүгедек болған азаматтық туыстары сот шешімімен келіспей, қатаң жаза тағайындауын сұрап отыр.
«Оқиға 29 қазан кешкі 20:30 да болды, біз баламызды келесі күні түскі уақытта ауруханадан таптық. Полиция мен аурухана қызметкерлері апат болғаннан кейін бізге хабар бермеген. Балам қайда жүрсе де кешіксе де айтып отыратын. Сол түні біз ұялы телефонына хабарласа алмадық. Ертесіне достарына хабарласып, іздей бастадық. Іздеу барысында біз оның ауруханада екенін білдік. Дереу ауруханаға бардық. Өз денесінен екі есе ісініп кеткен бауырымды көрдім»,— деді мүгедек Закирдың бауыры Тайыр.
Тайыр бауырын тапқан кезде жан сақтау бөлімінде жатқан. Оған жағдайы өте ауыр бәріне дайын болыңыздар деген.
«Жүргізуші шамамен 150-200 шқ/сағ жылдамдықпен келіп, қағып кеткен. Ол жерде 40 шқ/сағ шектеу белгісі бар, шамамен 200 метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі орналасқан. Барлығы анық көрініп тұрған: жол жарық, камералар бар, жаяу жүргіншілер де анық байқалады. Қазір жігіттің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер жағдайын – өте ауыр деп бағалап отыр... Бір қолы қазір мүлдем істемейді. Біз өзіміз қарап отырмыз, кезекпен 9 сағат, 4 сағаттан қарап, жанында боламыз. Кейде есін дұрыс білмей қалады»,— деді жеңгесі Фарида.
Апат салдарынан мүгедек болып қалған Зайырдың қазыр жағдайы өте ауыр, апат кезінде миы кішірейіп, жарты миы кеуіп қалған.
«Балам 1997 жылы туған. Жұмыс істеп жүрген, спортпен айналысқан, футбол ойнайтын, белсенді жігіт еді. Қазір ештеңе есінде жоқ. Біз қолдан келгенше күресіп жатырмыз, бірақ жағдай күрделі. Алдымен реанимацияда жатты, шамамен 27 күн. Кейін екі апта травматология бөлімінде болды. Реанимацияда жатқанда мүлде сөйлей алмады, травматологияда да жағдайы ауыр болды. Жарақаттары өте көп: жауырыны сынған, иығы шыққан, омыртқасына зақым келген. Денесінің бірнеше жері қатты жараланған, сүйектері зақымданған»,— деді Зайырдың анасы.
Зайырдың туыстарының айтуынша, кінәлі тараптан ешқандай нақты көмек көрсетілмеген. Бар болғаны 230 мың теңге массажға ақша берген. Оның өзін зар қақсатып әрең алған.
Ауруханада жатқан кезде олар бір рет те келіп, жағдай сұрамады. Кейін ғана, 6 күн өткен соң келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың кешірімі бұл адамның денсаулығын қайтарып бере алмайды.
«Сотта жүргізуші өзім жедел жәрдем шақырдым деген. Ол өтірік айтады. Қаққаннан кейін жүргізуші көлігінен түсіп, қарсы жолаққа жүгіріп, машиналардың астына түсіп өзіне қол жұмсамақ болған. Жол жөндеуші ағалар ұстап, жедел жәрдем шақырған. Жұмысшылар алғашқы көмек көрсетіп, массаж жасап, тынысын қалыпқа келтіріп отырған. Шамамен 15–20 минуттың ішінде жедел жәрдем келген»,— деді жеңгесі Маметова Фарида Қобыландықызы.
Іс алғашында тіркеліп, Талғар аудандық сотында қаралды. Бірақ Қонаев қаласы істі тергеген. Туыстарының айтуынша сот кезінде судья Тукубаева оқиға орнынан бейнежазбаларды көрмеген. Сот кезінде туыстарының өтінішімен бейне жазбаны көріп, мынау жылдамдық 90 емес деп айтқан екен. Бірақ үкім басқалай шыққан.
«Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша қаралды. Бұл бап бойынша адам өліміне әкеп соққан жол апаты үшін 5 жылға дейін, ал денсаулыққа зиян келтіргені үшін 3-4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Біз барлық баптарды қосқанда кемінде 8-9 жыл жаза берілуі мүмкін деп ойладық. Бірақ сот үкімі біз күткендей болмады. Айыпталушы Жанабайға небәрі 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның үстіне ол 9 ай қамауда болған уақыты есепке алынып, іс жүзінде 1 жыл 4 ай ғана өтейтін болып шықты. «Адам өлімі болған жағдайда 5 жылға дейін жаза қарастырылған. Неге мұнша аз?» деген сұрақ қойдық. Бірақ нақты жауап ала алмадық» ,— деді ағасы Тайыр.
6 сәуір күні өткен сотта марқұм болған жігіттің жақындары да материалдық және моральдық шығынды өндіріп беру туралы талап қоған. Марқұм жігіттің отбасы 16 миллион теңге сұрады. Мүгедек болып қалған Зайырдың отбасы 25 миллион теңге талап еткен. Сот үкімі шыққаннан кейін жүргізуші мысқылдап күліп, мазақ етіп жәбірленушілердің туыстарының шамынан тиген.
«Алғашқы сот отырысында прокурор болғанымен, ол іске дайындалмаған. Тіпті телефоннан қарап, материалдарды оқып отырды. Кейінгі отырыстарда прокурорлар өздерін дұрыс таныстырмаған, кейбірі істі толық білмеген. Соңғы отырыстардың бірінде прокурор «маған бұл іс тапсырылмаған» деп, сотты кейінге қалдырды. Әр сот отырысы кезінде кез келген прокурорды дәлізден ұстап алып, кіргізе салып отырды. Нақты бір бекітілген прокурор болған жоқ», — деді Фарида.
Бұл істе бір қызығы жәбірленуші тарап қорғаушылар жалдамаған. Бұның себебін сұрағанымызда тергеушілер сот сіздердің жақтарыңызда, ол минимум 7 жылға сотталады деп сендірген. Ал сот кезінде прокурордың өзі жаза сұрағанда 2 жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Апат салдарынан ауыр жарақат алған Зайырдың үйінен шығып, марқұм Қанаттың үйіне жол тарттық. Қанаттың анасы Қаракемер ауылында тұрады екен. Жалғыз баласынан айырылған әженің екінші топтағы мүгедектігі бар. Ол қаңыраған үйде жалғыз қалды. Нұржамал апа біз кіре салысымен көз жасын тия алмады.
«Мен жалғыз ұлымнан айырылдым. Ол 29 қазан күні кезекті кезекшілігіне кеткен болатын. 30 қазан таңғы 3 те маған суық хабар келді. Оны жол жолағында қағып 200 метр сүйреп кеткен екен. Ол оқиға орнында қаза тапты. Мен жалғыз қалдым. Ұлым үйленген екі қызы бар. Бірақ ажырасқан. Ұлымды мәйітханадан 150 мыңға сатып алдық. Іш құрлысы езіліп, бүкіл қабырғасы сынып, тек біреуі аман қалған. Жалпы баламды төртке бөліп тастаған ғой. Қарсы тараптан ешқандай көмек болған жоқ. Артында қалған екі қызына кім көмектеседі? Кім қамқор болады? Кім әке болады? Мен не істеймін енді? Қалай өмір сүрем? Осы үйде жалғыз өзім қалдым. Өзімнің де денсаулығым жоқ, емделуім керек. Мен енді қалай өмір сүрем? Соттың бұл шешімімен қалай күн көрем?..»,— дейді көз жасын тыя алмаған марқұмның анасы Ахметова Нуржамал.
Нұржамал апаға Зайырдың бауыры Тайыр мен Фарида қолқанат болып жүр. Бірақ Нұржамал апаның жағдайы өте мүшкіл. Екінші топтағы мүгедек. Әжемізді алда өте күрделі ота күтіп тұр.
Orda.kz тілшісі екі отбасының жағдайын өз көзімен көріп қайтты. Бірі қайғыдан қан жұтып, бірінің баласы күннен күнге есін жоғалтып, қайда барып ем табарын білмей еңіреген аналар соттың бұлай жеңіл жаза бергеніне келісе алмай қайғыдан қан жұтып отыр.
Orda.kz істің жай жапсарын назарда ұстайды.
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты