Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің тәрбиешілеріне сот үкімі шықты
Фото: freepik.com
Шілде айында Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде 3 жастағы бала кәріз құдығына құлап көз жұмған. Тәрбиешілерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот балабақша басшысы мен тәрбиешісін өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сотталушы С. 2023 жылғы 21 мамырда өз атына «Д» жеке кәсіпкерлігін тіркеп, «Чебурашка» квазимемлекеттік балабақшасын ашқан. 2023 жылғы 07 шілдеде Д. балабақша директорының бұйрығымен топ тәрбиешісі қызметіне жұмысқа қабылданған. 2024 жылғы 10 шілдеде балабақша басшысы мен топ тәобиешісі 3 жастағы баланы қараусыз қалдырған. Бүлдіршін кәріз құдығына құлап көз жұмды.
Сотталушылар кінәларын толықтай мойындады.
«Сотталушылар ҚК-тің 141-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қатысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзiмге айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?