Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО басшысы болды

cover

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының жаңа төрағасы ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі және Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев болды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бұл туралы Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

2024 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия төрағалығы Беларусьтен Қазақстанға өтеді, ал Бақытжан Сағынтаев ЕЭК Алқасын төрт жыл – 2024 жылдан 2028 жылға дейін басқарады.

Бақытжан Сағынтаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Премьер-Министрі және Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар