Байқоңырда қазақ тілі мен тарихы сыныптан тыс пән ретінде оқытылады
Orda.kz. коллажы
Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі мен тарихы тек мектептен тыс пән ретінде және ата-аналардың қалауы бойынша ғана оқытылады, деп хабарлайды Orda.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
2022 жылдан бастап мұндай оқыту түрі М.К. Янгель атындағы № 7 мектептің бес, алты, сегіз және тоғызыншы сыныптарында жүргізіліп келеді.
«Оқытудың бұл түрі оқушылар мен олардың ата-аналарының тілектерінен кейін қолға алынды. Бұл «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы» сияқты пәндер бойынша сыныптан тыс сабақтар» деп хабарлады білім басқармасы.
Оқу басталар алдында мектепте тиісті мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысында көрсетілген пәндер бойынша сабақтар ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.
«Басқа мектептерде жүргізілген сауалнама мен мониторинг оқушылар мен олардың ата-аналары басқа– мемлекеттік қорытынды аттестацияға (МҚҚ) дайындық, шет тілдерін оқу, спорт пен патриоттық тәрбие беру іс-шараларына басымдық беретінін көрсетті» деп түсіндірді департамент.
Еске салайық, 1994 жылдан бері Байқоңыр қаласы бар ғарыш айлағы Ресейге жалға берілген. Оның жылдық құны 115 миллион доллар болады. Төлем ретінде Ресей Федерациясы Қазақстанға әскери және басқа да техникалар жеткізеді.
Қыркүйек айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков Қазақстан кешеннің жалға алу құнын қайта қарамайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды