Байден Путинмен кездесуден кейін журналистерге сұхбат берді

cover

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Женевада кездескеннен кейін журналистермен сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл туралы Orda.kz "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байденнің айтуынша, оның міндеттерінің бірі Путинге АҚШ саясаты Ресейге қарсы бағытталмағанын айту.

Ақ үй басшысының айтуынша, кездесу позитивті түрде өткен. Олар арадағы келіспеушіліктерді айта отырып, қастық мінез танытпаған.

– Біз ортақ мүдделер үшін ынтымақтастық жасауымыз керек. Әрине, біздің арамызда келіспеушіліктер бар. Мен президент Путиннің біздің мүддемізге зақым келтіретін әрекеттеріне қалай жауап беретінімізді түсінгенін қалаймын, - дейді америкалық басшы.

АҚШ Президенті саммит барысында маңызды дүниелердің бірі адам құқықтары туралы мәселе болғанын атап өтіп, неге оған ерекше назар аударатынын түсіндірді.

– Бұл адам құқықтарын бұзғаны үшін Ресейге шабуыл жасау туралы емес. Бұл біздің табиғатымыз. Егер бір жерде адам құқықтары бұзылса, барлығын айтпай мен қалай АҚШ президенті бола аламын? Бұл жерде біз Ресей мен басқа елдер туралы айтып отырмыз, - деді Байден.

– Сондықтан Алексей Навальныймен болған жағдайлар бізді алаңдатады. Мен президент Путинге адам құқықтары туралы мәселелерді көтеруді жалғастыратынымызды айттым, өйткені бұл біздің дүниетанымымыздың мәні… біз әрқашан осы бағытқа деген адалдығымызды кеңейтеміз, - деп жалғастырды ол.

Владимир Путин мен Джо Байден арасындағы келіссөздер 16 маусымда Женевада өтті. Көшбасшылар үш жарым сағат бойы сөйлесті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар