Рамазан қарсаңында Баянауыл ауданындағы алькоголь қоры жойылды

cover

Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылдық округінде дүкендердегі алкоголь өнімдерінің барлық қоры жойылды. Шараны Рамазан айы қарсаңында аудан жастары ұйымдастырды.

Ақпарат Pavlodarnews.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мыңнан астам адам тұратын округте бес дүкен жұмыс істейді. Сауда орындарының иелері мен тұрғындар бұл шараны қолдады.

Ауыл дүкендерінде ішімдік қоры көп емес екен. Олар барлық алкогольді сусындарды шағып, шараны видео, фотоға түсірді.

Жергілікті билік бұл бастама үшін жастарға ризашылық білдіріп, Рамазан аяқталғаннан кейін де Жаңатілек ауылындағы сауда орындарында спирттік ішімдіктер болмайды деген үмітін білдірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар