Бағанашылдағы шудан кейін Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы келді
Фото: gov.kz
Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
21 тамыздан бастап Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлеубекова Арайлым Ақсубайқызы Алматы облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 2 ай бұрын ғана Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған.
Арайлым Ақсубайқызы 1977 жылы туған. Ол 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2015 жылы Алматы Университетін «құқықтану» мамандығы, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Ал 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Іле ауданы Рахат ауылының №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
Айта кетейік, 21 шілде күні Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінің түлектері, демеушілері мен қазіргі тәрбиеленушілері мекеме қақпасының алдына жиналып, Қонаевқа көшу жайлы шешімге қарсылық танытқан еді. Мемлекет басшысының бастамасымен балалар көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?