Бағанашылдағы балалар үйінің ғимараты сүріледі
Фото: Orda.kz / Александр Мохирева
Алматыдағы дау болған №1 мектеп-интернатының ғимараты толықтай қайта жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары кезінде тәрбиеленушілер уақытша басқа жерге орналастырылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтың айтуынша, балаларды көшіру жұмыстары қаланың өз аумағында жүзеге аспақ.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес, орталықтың ғимараты толықтай жаңғыртылады. «Интегра» ЖШС өздерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бұл істі қолға алып, балаларды көшіруге дайын», – деді әкімнің орынбасары.
Балаларды мекемелерге орналастыру мәселесі Алматы қалалық білім басқармасының бақылауында. Қазірдің өзінде «бұл нысанды бұзып, сол аумақта жаңа ғимарат салу» жобасы әзірленіп жатыр.
Сайран Сайфеденовтің айтуынша, балалар уақытша №1 интернатқа көшіріледі.
«Бұл интернат та білім басқармасының қарамағында. Бар-жоғы екі апта бұрын мұнда «Жанұя» арнайы балалар үйінің 90-нан астам тәрбиеленушісі тұрған еді. Балалардың иелігінде 1100 шаршы метрден астам аумақ, 18 бөлме бар. Ғимаратқа жөндеу жүргізілді. Апта соңына дейін балалар көшіріліп, орталықтың ғимараты босатылған соң, құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарына кіріседі», – деді ол.
Еске сала кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды. Ақыры Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар басқа жаққа көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды