«Ажырасып депрессияға шалдыққан»: Шымкентте әйел туған балаларын өлімші етіп сабап, денесіне үтік басқан
Фото: Бейнеден кадр
Шымкентте анасы өз балаларын ұрып-соғып, денесіне үтік басып қинаған, деп хабарлайды Orda.kz Otyrar.kz сайтына сілтеп.
Қазіргі таңда балалар ауруханада тиісті ем алып жатыр. Бұл фактіге қатысты жауапты орган өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта аналарына қатысты тиісті шешім қабылданады.
Балалардың апасының айтуынша, 10 және 8 жастағы балаларды анасы көк ала қойдай етіп сабаған. Денелерін үтікпен күйдіріп, 5-сынып оқитын қызының шашын тықырлап алып тастаған. Мұндай қатігездікті көргендерін өзге де туыстары растап отыр.
Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Тиісті ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар, ауруханада жатқан балалардың екі бауыры, яғни 4 және 1 жастағы балалар мемлекеттік мекемелерге жайғастырылған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің көмекшісі мәлімдеді.
«Жалғызбасты ана 4 баласымен бірге тұратыны анықталды. Әйел заңды түрде ажырасқан. Дегенмен дәлелді құжаттарын көрсете алмады. Осыған байланысты депрессиялық жағдайға түсіп, өзінің үлкен қызы мен баласына дене жарақаттарын келтіргенін ананың өзі мойындап отыр. Кәмелетке толмаған балалар мемлекеттің қамқорлығына өтті», — деді Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің көмекшісі Абай Пахынбетов.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?