«Азаттық» радиосының жетекшісі редакцияға ақпараттық шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Фото: Азаттық радиосы
Азаттық радиосының Алматыдағы бюросының басшысы, журналист Қасым Аманжол өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына шабуыл жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистің Facebook парақшасындағы жазбасына зер салсақ, 20 қазанда белгісіз біреулер Threads желісінде оның атынан жалған аккаунт ашып, жалған хабарламалармен қосып оның суретін тарата бастаған.
«Түнде ұйықтап бара жатып, беймезгіл қоңыраудан ояндым. Алаңдаған іні-қарындастар екен. Threads деген желіде менің атымнан біреуге хат кетіп, ол адам менің суретімді қойып, түрлі сөздер жазып, балағаттап жатыр екен. Түкті түсінбей, ол желіні қалай ашатынын да білмейді екенмін, парольдерімді ауыстырып, Meta-ға арыз жазып, әбден әуре болдым. Осылайша әлеуметтік желідегі провокацияға соңғы жарты айда екінші рет тап болдым. Мен мұны адами ар-намысымды таптау үшін кәсіби қызметіме байланысты ашық түрде жасалған арандату деп санаймын», — деді Қасым Аманжол.
Ол соңғы жарты айда екінші рет ақпараттық шабуыл жасалып отырғанын айтты. Алғашқы шабуыл қазанның басында болған. TikTok, Instagram және Shyndyq сайттарында: «Қасым Аманжол 950 мың долларлық үйде тұрады, ал әріптестері тиын-тебенге жұмыс істейді» деген бейнежазба тараған.
Айта кетейік, бүгін тағы да «Орда» редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға ақпараттық шабуыл жасалды. Threads желісінде оның қымбат бренд киім киіп тұрғандай етіп, жасанды зерденің көмегімен жасалған суреті жарияланды.

Жазба авторы редакторды «шалқып өмір сүріп жатыр» деп айыптады. Қарапайым халықтың атынан сөйлеуге құқығының бар-жоғына күмән келтіріп, жазба жариялады.
Алайда сурет кейін жасанды интеллект арқылы жасалғаны анықталды. Гүлнәр Бажкенова өзінің Instagram парақшасында мысқылмен жауап қатып, бұл оның стиліне де, талғамына да, өмірлік ұстанымына да сай келмейтінін айтты:
«Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты осылай шала-шарпы орындай салуға болады екен ғой. Бұл менің стилім де, талғамым да емес. Құндылығыма да сай келмейді», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін де талай рет «Орда» редакциясы мен оның қызметкерлеріне түрлі шабуылдар жасалды. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттерді көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да тіркелді. Тіпті «Орда» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталған кездер де болды. Сонымен қатар бас редакторымыз басылымды қалай тартып алмақ болғандары жайлы ашық айтып берген еді.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды