Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысы бар компаниялар саны қарқынды өсуде

cover Сурет ашық дереккөзден

Бұл ретте ірі бизнестің үлесі пайыздық мөлшерден  аспайды, деп атап өтті ресейлік сауда өкілі.

Қазақстандағы ресейлік капиталдың қатысуымен компаниялар саны бір жылда 70%-ға өсті, барлығы елде 18 мыңға жуық ресейлік орта және шағын бизнес субъектілері тіркелген, деді Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Антон Логинов .

«Қазақстандық ресми дереккөздердің мәліметінше, 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 41 мыңнан астам шетелдік ұйым тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп. Олардың ішінде 18 мыңында ресейлік капитал бар (өткен кезеңмен салыстырғанда +70%). Негізінен бұл шағын және орта бизнес. Ірі бизнестің үлесі бір пайыздан аспайды», - деді Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Антон Логинов. 

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландырудың жоғары деңгейін ескерсек, Қазақстанда бизнес ашу ресейліктер үшін қиын емес.

«Резидент емес компаниялар үшін БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) алудың барлық кезеңдерін аяқтауға қажетті орташа уақыт бес-жеті жұмыс күні болады», - деп қосты ол.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,2%-ға, тауарлар өндірісі – 3,2%-ға, қызмет көрсету – 2,6%-ға өсті.

Сауда өкілдігінің айтуынша, дәл қазір ресейлік кәсіпорындардың үлесі әлі де айқын емес, өйткені ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі аймен өлшенбейді, бірнеше жылға созылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар