Азамат Есқараев әділет министрі болып қайта тағайындалды
Азамат Есқараев әділет министрі болып қайта тағайындалды.
«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалсын» делінген жарлықта.
Азамат Есқараев 1979 жылы Алматыда туған.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР әділет министрлігі заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
2000-2005 жылдары ҚР әділет министрлігінде бас маман, заңға тәуелді нормативтік актілер жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, заңнама департаменті өндірістік саласының заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, заңнама департаменті басқармасының бастығы, заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.
2005-2006 жылдары Алматы әкімінің бас инспекторы, 2006-2007 жылдары «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ заң қызметі департаментінің бас менеджері, 2007-2012 жылдары ҚР әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, заңнама департаментінің директоры.
2012-2014 жылдары ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.
2014-2019 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін ҚР премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі.
ҚР президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды