Қазақтың ақыны Жәркен Бөдеш көз жұмды

cover Литер

77 жасында ақын Жәркен Бөдеш көз жұмды. Бұл туралы оның жұбайы айтты, деп хабарлады Orda.kz.

– Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Ол кеше түнде қайтты, - деді жұбайы.

Жәркен Бөдеш 1944 жылы 15 мамырда Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған кезде оған Жармұхаммед есімі берілді. Ақын жоғары білімді ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде алды.

Ол әртүрлі басылымдарда жұмыс істеді, Мемлекеттік кітап палатасында басшылық қызметтер атқарды, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бөлімін басқарды.

Оның «Қос қанат», «Зейін», «Аспан дауысы», «Нұрлы бойлар», «Жұлдыздың орнын ай бермес» атты өлеңдер мен жыр жинақтары жарық көрді.

Жәркен Бөдешпен қоштасу Алматыда 23 сәуірде өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар