Қазақстанның кәсіпкерлері бұрыңғы қалыптарына келді ме?
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) өз кезегінде пандемияның бірінші жылынан бастап әлемдік экономикаға шығындарды ЖІӨ-нің 4,3% төмендеуімен бағалаған. Ұйым ағымдағы жылы әлемдік сауданың шамамен 20%-ға төмендеуін күтеді. Шетелдік тікелей инвестициялар ағыны 40%-ға төмендеуі, ал ақша аударымдары 100 млрд доллардан астамға азаюы күтілуде.

- Пандемия басталғалы не өзгерді?
- Қалай шығыннан шығып, қалыпқа келуге болады?
- Жұмыс орындарының қысқартылуы қалай әсер етті? Қызметкерлер жұмыссыз ба?
- Коронавирустың үшінші толқынына біз дайынбыз ба? – сынды сұрақтар көкейде жүр. ORDA. редакциясы кәсіпкерлердің жағдайын сұрап білді.
Кино қалың көрерменге жетпей қалды ма?

Айдар Баталов, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес АҚ басшысының орынбасары:
«2019 жылдың 3 қаңтарында «Кинематография туралы» Заң қабылдануына байланысты «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» ашылған. Біздің басты міндетіміз – ұлттық мүдделерге сай келетін киножобаларды қаржыландыру және бақылау, инвестиция тарту және ұлттық фильмдерді насихаттау.
Осы жылы біз 39 киножобаны қолға алғанбыз, өкінішке орай, ол карантинге тұспа-тұс келді. Олар: сегіз көркем фильм, жеті деректі фильм, бес анимациялық фильм, бір арт-хаус, бірлескен өндіріс форматындағы екі сурет, тоғыз қысқаметражды фильм, бес дебют, бір фильм Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған және тағы бір фильм «Алыстағы ағайын» байқауына.
Пандемияның салдарынан біз біраз зардап шектік. Бірақ біз қарқынды түрде онлайн режимге көштік. Мысалыға, КТК телеарнасында үй сессиясы марафоны өткен. Онда әр демалыс сайын телеарна соңғы 15 жыл ішінде түсірілген үздік қазақстандық фильмдерді көрсетті. Сонымен қатар, «Карантиндегі жұлдыз» онлайн-жобасы аясында эстрада жұлдыздарының 30 онлайн-концерті өткізіліп, оларды 15 миллионға жуық көрермен тамашалады. Театр қызметкерлері өздерінің ресурстарына 160-қа жуық концерттер мен қойылымдар жүктеді. «Қазақфильм» киностудиясы қазақстандықтарға өздерінің «Алтын қорының» фильмдерін көруге мүмкіндік берді. Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 223 ұлттық фильмді қазақстандық «Хабар», «Ел арна», «Kazakh TV», «Қазақстан» және басқа да телеарналарға жіберді. Қазақстанда карантин басталғаннан бері 150 мың онлайн режимінде өткізілді - 30 миллион көрерменге жететін іс-шаралар өтті. Қазір біз қарқынды түрде жоспардағы жобаларды карантиндік шараларды ұстанып, жүзеге асырып жатырмыз.
Егер наурыз айындағыдай күшейтілген карантин режимі енгізілсе, біз алдыңғы тәжірбиемізге сүйенеміз».
Тамақ ішу үшін өмір сүретін адамдардың жайлы орындары не болды?

Сергей Тен, «Белый Журавль» кафесінің басшысы:
«Біздің «Белый Журавль» корей тағамдарына басымдылық жасайды. Тұрғындар оны сүйсініп жейді. Алайда, карантиннің салдарынан басқада тамақтану орындары сияқты үлкен шығынға батты. Пандемиядан кейін ештеңе де бұрындағыдай болмайды: нарық та, жұмысшылар да, жеткізушілер де. Мысалы, қазірдің өзінде біздің жұмыс уақытымыз шектеулі. Ал шығындар өзгеріссіз қалды. Біз дәл солай жалдау ақысын (аренда- ескерту ОРДА.), коммуналды төлемдер мен жалақы төлейміз. Сонымен қатар, бүгінде кадр тапшылығы бар. Себебі, күшейтілген карантин кезінде біз қызметкерлерді жұмыстан босаттық. Бірі ауылдарына кетсе, бірі жеткізуші (курьер-ескерту ОРДА.), өзгелері басқа жұмысқа орналасып кеткен. Егер алда күшейтілген карантин келсе, біз оған маркетингтік жоспар құрудамыз. Шынымызды айтсақ, ол қиын жұмыс – белгісіздікке дайындалу».
Жеке кәсіпкерлер қолдан оңай кететін табыстарынан айырылып қалмады ма?

Азамат Тұрсынбеков, жеке кәсіпкер:
«Біз базарларға балықтарды таратамыз. Басқа кәсіпкерлерге тиген зиян бізді айналып өтпеді. Базарлар жабық. Жол жабық. Күтуден басқа амал жоқ. Онлайн жұмыс деген әңгіме де жоқ. Қазір барлығы ақырындап қалпына келіп жатыр. Қызу жұмыс басталды. Карантин басталғанда жұмыстан шыққан қызметкерлер екі ай бос жатпай, басқа жұмысқа орналасқан. Жұмыссыз жүргендер жоқ. Егер алда карантин болса, елмен бірге көреміз. Жағдайдың оңалуын күтеміз. Сондықтан адамдар жауаптылық танытса болар еді?!».
Пандемия көрінісі
Осыдан кейін пандемия кезіндегі Қазақстанның ішкі экономикасының жалпы бейнесін көруге болады. Сонда да, біз білікті маманның пікірін білуді жөн көрдік.

Мақсат Халық, GSB UIB директоры, экономист:
«Қазір біз Қазақстанның құлдырау фазасын көріп отырмыз. Ондай жапа шегуші мемлекеттер көп. Қатты зардап шегушілер де көп. Еуропалық Италия мен Испанияны қарасақ, олар алғы шепте тұр. Италияда -10%, -12%-дық құлдырау бар. Салыстырмалы тұрғыда қарасақ, Қазақстанның жағдайы әлде қайда жақсы. Әлем бойынша негізі -5%-дық дағдарыс орын алуда. Өткен 9 айға көз жүгіртсек, шілде айына дейін -2,9% құлдырау болған, тамыз айының қорытындысы бойынша -3% болған. Қыркүйек айында -2,8% экономикалық құлдырау тіркелген. Демек, мұннан дағдарыстың тежелуін көруге болады. Желтоқсанда қайтадан локдаун болмаса, онда көрсеткіш жақсара бермек.
Жалпы қазір жұмыссыздық жаппай орын алуда. 300 мың шаруашылық жүргізу субъектісі уақытша болсын жұмысын тоқтатты. Оның ішінде, 100 мыңы жабылды. Миллионына залал келтірді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар жасалуда, бірақ ол әлі де жеткіліксіз. Біз қазір бар кәсіпорындар мен компанияларды сақтап қалуымыз керек. Олар жабылып қалса, жаңа компания келгенше уақыт, шығын, грант кетеді. Яғни, екі есе шығындаламыз. Сондықтан ол – бүгінгі күннің басты мәселесі».
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды көбейтпесек, екі есе шығынға батамыз.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру