Қазақстаннан шыққан иттерге АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

cover

2021 жылдың 14 шілдесінен бастап Америка Құрама Штаттарының билігі иттердің 113 елден әкелінуіне уақытша тыйым салды. Бұл тізімге Қазақстан да енген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тізім АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының сайтында жарияланды.

Қазақстандық иттерге АҚШ-қа ит құтыру ауруының таралу қаупіне байланысты кіруге болмайды. Тыйымның шарттары жария етілмеген.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының (CDC) хабарламасында иттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және ит құтыруы вирусының елге қайтадан енуіне жол бермеу үшін шектеулер қажет екендігі ескертілді. Төтенше жағдайларда итке кіруге рұқсатты бөлімнің өзінен алдын ала алу керек. Келген кезде ешқандай құжат берілмейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар