Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі пайда болуы мүмкін
Сенат мүгедекке күтім жасау бойынша жеңілдіктердің жаңа түрін көздейтін азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Бірінші топтағы мүгедектерге жәрдемақының жаңа түрін енгізу көзделуде. Бүгінгі таңда бірінші топтағы 66 мың мүгедектің әр үштен бірі, бұл 24 мың адам, не күтім бойынша жәрдемақымен, не көмекшінің қызметімен қамтылмаған. Яғни, бұл көмекке мұқтаж, өз бетінше қозғала алмайтын мүгедектер, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.
Ол заң жобасы азаматтардың жекелеген санаттарын, соның ішінде мүгедектерді, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және басқаларды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы жетілдіру үшін әзірленгенін еске салды.
Мәжілісте заң жобасы бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтарына қарай бөлу қарастырылған. Бұл өз кезегінде оңалту шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақының мөлшеріне қарай саралауға мүмкіндік береді.
– Бұл ретте барлық топтағы мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 16,7% - 37%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаларға тиесілі, - деп нақтылады Шапкенов.
Сондай-ақ, заң жобасы мүгедектігі мен асыраушысынан айрылғандарға жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығын беруді қарастырады.
– Қазіргі уақытта мүгедек балалар алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны ата-анасы ажырасқан жағдайда ала алады. Егер бір немесе екі ата-анасы қайтыс болса, бала мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айрылғандарға тағайындалған жәрдемақыны ала алады. Жәрдемақының екі түрін бір мезгілде тағайындау ата-анасынан айрылған балаларға қатысты кемсітушілік норманы алып тастауға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Серік Шапкенов.
Министр 18 жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау ұсынылып отырғанын айтты.
– Іс жүзінде мұндай отбасылар 10 жылға дейін баспана кезегінде тұр. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін баспана алу мүмкін болмаса, онда мүгедек кезекке қайта кіруге мәжбүр болады. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына баспанаға басымдықты сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда, - деді басқарма басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық