Қазақстанда тұру мүмкін емес – Владимир Жириновский

cover

Ресейлік саясаткер өзінің «Итоги с Жириновским» бағдарламасында Қазақстан туралы тағы да еске алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Комсомольская правда» радиосының эфирінде Владимир Жириновский бүкіл әлемнің басты жауы - орыстар екенін және оларға барлық жерде, соның ішінде Кавказ бен Орталық Азияда қысым көрсетіліп жатқанын айтты.

Саясаткер Қазақстаннан 1964 жылы «өмір сүру мүмкін емес болғандықтан» кетіп қалғанын мәлімдеді.

– Орта Азия мен Қазақстаннан 5 млн (орыстар - ред. Orda) ығыстырылды. Мен бірінші болып 1964 жылы 3 шілдеде кеттім. Сіздер қайда болдыңыздар? Араларыңызда әлі мүлде туылмағандар да бар. Мен онда тұру мүмкін еместігін түсініп, Қазақстаннан кетіп қалдым. Содан кейін олар бүкіл Орта Азиядан, Қазақстаннан, Солтүстік Кавказдан кетті, - деді ресейлік депутат.

Сонымен қатар, ол бүкіл әлемде орыстарға зорлық-зомбылық жасалуда деп қосты.

Ресей империясы мен Кеңес Одағының негізін қалаған орыстар. Оларсыз қалғандардың бәрі адам жегіштерге айналады.

ВЛАДИМИР ЖИРИНОВСКИЙ

– Украинада орыстарды ұрды, оларды Балтық жағалауынан, Орталық Азиядан қуып жіберді. Мүмкіндігінше олар үшін басты жау - орыстар. Ресейліктер Ресей империясының да, Кеңес Одағының да негізі болғандықтан оларды бәрі жау көреді. Орыстар болмаса — бәрі күйрейді, - деп қосты Жириновский.

Еске салсақ, сәуір айында ресейлік саясаткер 300 жыл бұрын қазақтар жоқ болған деп мәлімдеме жасап, Қазақстанды Ресейге қосуды ұсынған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар