Елімізде аяқ-киім бағасы бірден 20 пайызға қымбаттайды

cover

Еліміздегі аяқ-киімдердің 96 пайызы сырттан әкелінеді, оның тең жартысы заңсыз кіргізіледі.

Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Салдарынан сатылатын шетелдік аяқ-киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Ол дегеніміз 96 пайыз аяқ-киімнің бағасы көкке ұшады. Себебі, жаңа өзгерістер қара нарықтың жолын бөгемек.

Елімізге кіргізілетін әрбір аяқ-киім ресми тіркелетін болды. Демек, барлық кедендік салық міндеттемелері тауардың құнына қосылады.

Базардағы алыпсатушылар бұл өзгерістерді енгізбей тұрып, халықтың қалтасына қарау керек деп шағымдануда. Бірақ таяқтың екі ұшы бар. Міндетті цифрлық таңбалау қара нарықтың жолын жауып, отандық өндірушілерге тиімді болады.

Таңба қаптаманың сыртында жазылады, ол арқылы аяқ киім туралы барлық ақпаратты білуге болады. Бір кодтың құны - 2 теңге 68 тиын. Сондай-ақ, оған кеден салығы қосылады.

– 20-30 пайызға қымбаттайды. Себебі, тауарды заңды жолмен әкелуге тиіс. Соның ішінде кедендік салық төлеуге мәжбүр болады. Сол үшін баға өсу болжамы бар. Бірақ ол тек қана контрабандалық немесе контрафакт тауарлар үшін ғана. Әділ осы уақытқа дейін таза жолмен әкелінген тауардың бағасы сақталады, - деді цифрлық экономиканы дамыту орталығының аяқ киім тауарлық тобы бойынша жоба жетекшісі Мұхаммедхайдар Сеит.

Кәсіпкерлер 1 жыл ішінде барлық аяқ-киімдерді толық таңбалау керек. Егер үлгермеген жағдайда тауар жойылады. Ал дүкендерде табылса, оған айыппұл салынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар