Қазақстанда 1 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алды

cover

Қазақстанда коронавирустық вакцинаның алғашқы дозасын 1 017 мың адам қабылдады. Бұл халықтың  5,4%-ы. Вакцинаның екі компонентін де алған адам саны - 205,2 мың. Бұл халықтың 1,1%-ы.

Бұл туралы Orda.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өткен тәулікте Қазақстанда 66 мыңға жуық адам екпе салдырды:

  • Түркістан облысында - 13,8 мың
  • Шығыс Қазақстан облысында - 8,4 мың
  • Алматыда - 6,1 мың
  • Шымкентте - 5,5 мың
  • Алматы облысында - 4,6 мың

Вакциналаудың саны мен үлесі бойынша Алматы көш бастап тұр: 195,3 мың адам (халықтың 9,8%) қалада екпенің алғашқы дозасын алды.

  • Алматы облысы - 134 мың (6,4%)
  • Нұр-Сұлтан - 98,4 мың (8,2%)
  • Қарағанды ​​облысы - 98,3 мың (7,2%)
  • Шымкент - 89,1 мың (8, 1%)
  • Түркістан облысы - 68,4 мың (3,3%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 54 мың (4%)
  • Жамбыл облысы - 39,9 мың (3,5%)
  • Ақтөбе облысы - 36,9 мың (4,5%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 31,2 мың (4,8%)
  • Павлодар облысы - 30,8 мың (4,1%)
  • Ақмола облысында - 25 мың адам (3,5%)
  • Қостанай облысында - 25,1 мың (2,9%)
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 24,6 мың (4,5%)
  • Қызылорда облысында - 24,5 мың (3%)
  • Маңғыстау облысы - 21,4 мың (2,9%)
  • Атырау облысы - 20,2 мың (3,1%)

Еске салсақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салу 1 ақпанда басталды. Алғашқы екі айда вакцинаны дәрігерлер, мұғалімдер мен қауіпсіздік қызметкерлері ғана ала алды. Сәуір айының басында вакциналар басқа қазақстандықтарға қол жетімді болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар