Талан-таражға салынған Қазақстан: Жаңа Қазақстанға қалай қол жеткіземіз?

cover Фото: Orda.kz

Құрамына «РОП Оператор» ЖШС ғана емес, басқа да 50 субъекті кіретін азамат пен мемлекет арасындағы «өткел» арқылы миллиардтаған теңге кетіп жатыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда РОП операторын қалдық алымдары жұмыстарын жүргізуге монополиялық құқығынан айыру туралы бұйрық бергеннен кейін ел бірінші рет өзгеріске сенді. Осыдан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне мұндай құрылымдардың қызметін жалғастырудың орындылығына талдау жүргізу тікелей тапсырылды. Мемлекет басшысының айтуынша, операторлардың барлық түрлерінің үстемдігі нарықтың дамуына кері әсерін тигізіп, ұзақ уақыт бойы қолданыстағы реттеу тетіктерін қайта қарауды талап етеді.

Бүгінгі таңда елімізде ерекше құқықтарға ие 50-ден астам субъекті бар, бұл олардың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бақылауды қиындатады. Оның үстіне мұндай компаниялардың қорқынышты тәжірибесі барлық салаларда кездеседі: тауар нарығында да, бизнесте де арнайы экономикалық функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті компаниялар бар.

«Жеке монополиялық операторлардың мемлекеттің экономикалық функцияларын жүзеге асыруына заңнамалық деңгейде тыйым салуды белгілеу қажет» деді Тоқаев. Бұл талапқа толық негіз бар: Қазақстан нарығының қаншалықты зардап шегіп жатқанын МЖӘ аясында мемлекет атынан жеке реттеуші не оператор қызметін атқаратын компанияларға қатысты жемқорлық дауларының санына қарап бағалауға болады.

«СК-Фармация»

Қарапайым адам мұның әр адамның өміріне тікелей әсер ететінін түсінуі үшін мұндай «өткелдер», мысалы, дәрі-дәрмек сатып алу нарығындағы қызметінен көру жеткілікті. Онда мемлекет тағайындаған операторлар миллиардтарды қалталарсына салып қана қоймай, сонымен қатар пандемия басталған кезде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен жүздеген адам өлгенін көрдік.

«СК-Фармация» ЖШС-нің дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуда жіберген миллиардтаған заңбұзушылықтары, сондай-ақ сақтау мерзімі өтіп кеткендіктен дәрілерді жою кезінде жоғалған қаражат – бұл, белгілі болғандай, проблема емес. Қазақстандықтар Covid-19-дың бірінші толқыны кезінде қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмай, өмірден өтіп жатты. 2020 жылдың маусымында, пандемия шарықтау шегінде дәріхана сөрелерінен қарапайым препараттар жоғалып кетті - антипиретикалық және вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер. Олар кейбір адамдар үшін ауадай қажет еді. Сондай-ақ, осы тұста бірінші кезектегі маңызды дәрі-дәрмектердің барлық тізімі көтерілген бағамен сататын делдалдардың қолында болды.

Сол кезде де президент Тоқаев «СК-Фармация» ЖШС төңірегінде назардан тыс қалмайтын кландық мүдделерді жария етті. Сол жылдың шілдесінде Facebook-те Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысы әйелінің Instagram парақшасынан скриншот жарияланды. Онда ол күйеуінің оған 12-ші көлікті сыйлағанын мақтанышпен оқырмандарымен бөлісті. Қор әлеуметтік желілердегі сынға жауап беріп, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың мүлкін қалай тапқанын айтып берді. Жауап, жұмсақ тілмен айтқанда сенімсіз болды.

Мемлекеттiк сатып алу функциясын «орналастырушы оператор» монополиялаған кездегi дәрi-дәрмек жеткiлiксiздiгiнен адамдар қайтыс болып жатқанда – осыған жауапты басшы әйеліне он екiншi автомобиль сыйлайды. Бұл жеке монополия операторларының мемлекеттiң экономикалық функцияларын жүзеге асыруының шынайы портреті.

Әрине, азаматтардың ақшасын жеке қалтаға салуға арналған «мемлекеттік келісім-шарттың» әрбір мысалы олардың өмірімен өтелмейді. Кейде бұл миллиардтаған қазақстандықтарға да қатысты. Оған көптеген мысалдар бар.

«Алматы арнайы техникалық тұрақ қызметі»

«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-н қарастырайық. Компания автокөлік жүргізушілеріне Алматы көшелерінде ақылы тұрақ қою мүмкіндігін береді, ал қала тұрғындарынан түскен кіріс қала бюджетіне емес, Алматы Спецтехпаркингінің шотына түседі. Негізінде бұл қаражат қаланы одан әрі абаттандыруға, жерасты автотұрақтарын салуға, жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын құруға жұмсалуы керек. Бірақ олар жеке азаматтың қалтасына түсіп тұр. Тағы бір көрнекі мысал, «соңғы километр» деп аталатын бұрын-соңды болмаған оқиғаға байланысты «Богатырь Көмір» ЖШС-дегі монополияға қарсы жүргізілген тергеулер.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұмағариннің айтуынша, қазақстандық ЖШС-нің бірі «Богатырь Көмір» көмір кеніші төңірегіндегі кіреберіс жолдарды жекешелендіріп, ұзындығы екі шақырымнан сәл асатын жолдардан ақы жинаған. Тек 2020 жылы кірме жолдарды жекешелендіріп алған компания осы «қызметті» көрсеткені үшін 3,2 млрд теңге алған. Мұндай схемаларды кім, қалай және қандай мақсатпен салған? Сұрақ жауапсыз тұр.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға бар: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау департаменті портқа апаратын 18 шақырымнан астам жол жүру ақысын өзі белгілейтін «Каскор-Транссервис» компаниясына тиесілі болған жағдайды тексеріп жатыр.

«Ұтыстарды есепке алу орталығы»

Тағы бір нарықты қарастырайық: «Bet Accounting Center» ЖШС шетелдік оффшорлық холдинг құрамына кіретін серіктесімен бірге жеке ұйымның қалтасына спорттық іс-шаралардың қорытындысы бойынша әрбір ұтыс тігуден 3,8 пайыз жинайтынын хабарлады. Бірақ бұл жағдайда «кім және неге» деген сұраққа жауаптар белгілі: схеманы жасаушы және әр операциядан ақша шегерілуі керек ЖШС бұрынғы құрылтайшылары бұған дейін қатысқан. Бірақ ақшаны жеке қалтаға құю схемасы заңнамаға енгізілді, енді жаңа үкімет пен министрлер «өткел» түріндегі мұрамен айналысуы керек.

Құрылыс нарығының «орналастырушы операторлары» туралы айтудың да қажеті жоқ – тақырыпқа томпақ келетіні сонша, президент Тоқаев компаниялардың атын атап өтуді де қажет деп таппады.

«Үкіметтен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп құрылыс нарығын монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдауды сұраймын. Тендерлерді ұдайы ұтып алып, кейіннен құрылыс нысандарын қосалқы мердігерлікпен алып, қосалқы мердігерлікке қол жеткізіп жүрген құрылыс компанияларының аттары белгілі. Сондықтан бұл жайтқа жеке тоқталмаймын» деді мемлекет басшысы.

Барлық саланың өз «өткелі» бар

Қазақстандық нарық өнеркәсіптің барлық салаларында «өткелге» айналған. ЖШС арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттары бойынша бүгінде барлық дерлік сала біреудің жеке қалтасына жұмыс істейді.

Бұл тәртіпсіздікті тоқтатудың жалғыз жолы - барлық «өткел операторларды» заңсыз деп тану. Барлық өркениетті елдерде тарихтың әртүрлі кезеңдерінде монополиялардың ықпалын шектеудің түрлі әдістері жасалған. Бұл жолы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі еліміз үшін де бастау болуы тиіс. Монополиялардың ықпалын азайта алсақ не президент айтқандай «олардан мүлде құтылсақ» ғана Жаңа Қазақстанға қол жеткіземіз. Президенттің «РОП операторын» қалдықтарды жинауды монополиялық құқығынан айыру туралы тапсырма бергеннен кейін біз жақсы жаққа өзгеретініне сендік. Экономиканың әртүрлі салаларындағы осындай «өткел операторлардың» санына қарағанда, біздің сенімімізді әлі де көптеген сынақтар күтіп  тұр.

Аударған: Айнура Дарибаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар