Қазақстан SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр

cover Яблык

Қазақстан Илон Масктың SpaceX компаниясымен наурыздың соңынан бастап келіссөздер жүргізіп келеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Наурыз айының соңынан бастап біз SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргіздік, SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесулер өткіздік, - деп ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз Facebook парақшасында бөлісті.

Ол телепорт станциясы Алматы маңында орналасатынын атап өтті.

– Министрліктің мақсаты - Қазақстанның барлық елді мекендерін Интернетпен қамтамасыз ету. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыру және сынақ үшін бес елді мекенге қосу туралы алдын-ала келісімдер бар. Ұйымдастыру мәселелері пысықталған кезде ауылдардың өзіндегі пункттердің саны нақтыланатын болады. Жаңалықтар болса, мен онымен әлеуметтік желілерде бөлісемін. Біздің қай бағытта жүретінімізді толық түсіну мен келісім болғаннан кейін біз SpaceX-пен БАҚ үшін бірлескен пресс-релиз шығарамыз, - деді министр.

Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазіргі уақытта орбитада SpaceX-тің шамамен 1400 жер серігі бар.

Бұған дейін олардың 1,2 мың ауылды спутниктік Интернетке қосуға ниетті екені белгілі болды. Министрлік қарастыратын қызмет жеткізушілердің қатарында Space X фирмасынан Илон Маск, сондай-ақ OneWeb, O3b SES бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар