Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында сенсация жасады

cover

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының ойынында Словакияны екінші рет ойсырата жеңді.

Топтық кезеңнің төртінші турының кездесуі 2:1 есебімен аяқталды. Матчтың 18-ші минутында Ян Вороговский есеп ашты, ал 39-шы минутта Эльхан Астанов есепті 2:0 жеткізді.

51-минутта Матеуш Беро гол соқты. Ойын соңына қарай словактар екінші голын соқты. Бірақ төреші VAR-ды көргеннен кейін бұл гол есепке алынбады.

Айта кетейік, турнир қыркүйек айында жалғасады: 22-ші қыркүйек күні қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь құрамасын қабылдайды, ал 25-ші қыркүйек күні Әзірбайжанмен ойнайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар