«Қазақстан халқы» қоры мемлекеттік көмекті алмастырмайды - Жәмішев

cover

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев ұйымның донорлар мен көмек алушылармен қалай әрекеттесетінін айтып берді.

Жәмішев 31 арнаға берген сұхбатында қор мемлекет қаржыландыруға міндеттелген салаларға қосымша көмек көрсетпейтінін баса айтты. Оның басты мақсаты - халықтың мәселелерін шешу, деп түсіндірді қордың басшысы.

– Қор мемлекетті қайталамауы керек. Біз бюджетті алмастыратын ұйым болмауымыз керек. Әлеуметтік салаға, басқа мақсаттарға жұмсалатын барлық бюджеттік шығыстар толығымен бөлінуі керек. Біз ешқандай жеке бастамаларды алмастырмауымыз керек. Біз шыныменде көмекке мұқтаж салаларды табуымыз керек. Бұл қайырымдылық қорлары есебінен негізді түрде қаржыландырылады, - деді Жәмішев.

Ол сондай-ақ қор Қазақстанда жұмыс істеп тұрған қайырымдылық ұйымдары арқылы жұмыс істейтінін атап өтті. Яғни, азаматтар көмек алу үшін өтініш берушілерден тиісті құжаттарды жинап, тексеретін қайырымдылық ұйымдарына жүгінуі керек.

– Айтпақшы, қазір 140 қайырымдылық ұйымы халықпен бірыңғай портал, яғни өтініштерді қабылдайтын, қайталауды, жоғалтуларды, жауапсыз негізсіз бас тартуды болдырмайтын электронды портал арқылы өзара әрекеттеседі. Ал бұл жүйе бізге бағыт-бағдар беретініне сенім ұялатады, - деді қордың басшысы.

Сондай-ақ, Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының көмегін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің отбасылары алуы мүмкін екенін айтты.

Жәмішевтің айтуынша, қазір қор ұйымдастыру сатысында.

Қор басшысы меценаттар мен электронды түрде көмек сұрағандармен араласатындарын айтты. Ол үшін қазір арнайы сайт әзірленіп жатыр.

Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған болатын.

Қордың негізгі мақсаттары Қазақстан халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге және төтенше жағдайды енгізуге көмек көрсету болып табылады.

Бұрын хабарланғандай, қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея операторының, бәс тігу орталығының және басқа монополистердің міндетті жарналары, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жарналары, қайырымдылық қорлары, соның ішінде квазимемлекеттік сектор есебінен қамтамасыз етіледі.

2022 жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша қорға 12 млрд теңге аударылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар