Қазақстан ауа сапасының нашар индексі бойынша 11-орынды иемденді

cover

Дүниежүзілік ауа сапасының индексі қызметінің мамандары Қазақстанды ауа сапасының нашар индексі бойынша 11-ші орынға қойды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарламасында айтылған.

«EPA әлем картасы (waqi.info) нақты уақыт режимінде Қазақстандағы ауаны ластайтын заттардың нақты концентрациясын көрсетеді, олар өлшеу датчиктері туралы деректердің жаңаруына байланысты өзгереді».

Синоптиктер Қазақстан қазір ауасы ең ластанған елдер арасында 11-орында тұр деп хабарлады.

15 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары ауаның қатты ластануына шағымданды. Экологтар оның себебін жеке сектор тұрғындары үйлерін жылыту үшін пайдаланатын көмірдің сапасында деп санайды.

2020 жылдың қыркүйегінде сарапшылар Нұр-Сұлтандағы ауаны тіпті Мәскеуге қарағанда лас деген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар