Қазақстанда AstraZeneca вакцинасына сенім бар ма?

cover REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға AstraZeneca коронавирусқа қарсы еуропалық вакцинаның партиясын алуды жоспарлап отыр деген хабарламаны жоққа шығарды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– AstraZeneca екпесін сатып алу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір компаниялардың барлық өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жуырда Қазақстанда еуропалық өндірістегі вакцина пайда болады деген қауесет әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарады.

Ағылшын-швед фармацевтикалық компаниясы AstraZeneca наурыз айының соңында Vaxzervia деген жаңа атпен шыға бастады.

Еске салсақ, AstraZeneca вакцинасынан көз жұмған адамдардың тіркелгендігі туралы ақпараттан кейін, компания өніміне деген сенім шайқалды. Алдымен Австрияда препаратты қолданудан бас тартылды. Содан кейін Данияда, Германияда, Италияда, Норвегияда, Латвияда, Исландияда, Францияда, Испанияда, Индонезияда, Словенияда, Канадада және басқа да бірқатар елдерде вакциналау тоқтатылды. Бұл елдердің билігі вакцинаның жанама әсерлері болуы мүмкін болғандықтан, сақтық шараларын басшылыққа ала отырып шешім қабылдады.

Кейіннен ДДҰ-ның ұсынымынан кейін бірқатар елдер препаратты қайта қолдана бастады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар