Қазақстанға жыл басынан бері төрт мыңға жуық қандас оралды

cover

2021 жылдың басынан бастап 3 966 этникалық қазақтар өз Отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Бұл туралы Orda.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың:

  • Өзбекстаннан 75,6 пайызы
  • Қытайдан 11,9 пайызы
  • Түркіменстаннан 5,8 пайыз
  • Моңғолиядан 3 пайызы
  • Басқа елдерден 3,6 пайыз.

Келген этникалық қазақтар негізінен:

  • Алматы облысы (32,6 пайыз);
  • Түркістан (16,5 пайыз);
  • Маңғыстау (14,2 пайыз);
  • Шымкент (12,0 пайыз);
  • Нұр-Сұлтан (5,4 пайыз).

– Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық иммигранттар саны 59,9 пайызды құрайды. Сондай-ақ адамдардың 24,1 пайызы еңбекке қабілеттіден жас және 16 пайызы зейнеткерлер, - деп толықтырды Еңбек министрлігі.

1991 жылдан бастап 1,74 млн-ға жуық этникалық қазақтар Қазақстанға оралды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар