Мектепте хиджаб кию заңға қайшы - Нүкежанов

cover

Мектепте хиджаб кию ел заңдарына қайшы. Бұл туралы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар бар, білім стандарты бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда біздің елдің заңдарын орындауы тиіс, - деді Ержан Нүкежанов ОКҚ брифингінде.

Бұл ретте ол Конституцияда Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды.

– Мектепке баратындардың барлығы Білім және ғылым министрінің бұйрығын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және еліміздің Конституциясын орындауы тиіс. Бұл мектептердің жекеменшік немесе мемлекеттік екеніне қарамастан қолданылады. Егер сіздер заң бұзушылық фактілерін байқасаңыздар, аймақтардағы білім басқармасына немесе Білім және ғылым министрлігіне хабарласа аласыз. Біз өз заңымыздың сақталуын қарастыруға және қамтамасыз етуге дайынбыз, - деп атап өтті Дін істері комитетінің басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар