Автобуста әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Алматы полициясы депортаметі қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция депортаментінің мәліметінше ер адам әйелдің қатты сөйлегеніне наразы болып, оған дене жарақатын салған.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батыржан Абдумасаров.

Әрбір азамат құқықтық тәртіп қатаң сақталып, кез келген құқыққа қайшы әрекетке заңды түрде баға берілетініне сенімді болуы тиіс.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар