Ауылдағы кикілжің: 22 жастағы жігіт бес адамды атып кетті

cover

Жамбыл облысы Саудакент ауылында 22 жастағы жас жігіт 5 адамды атып кетті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жергілікті полиция бөлімінің айтуынша, атыс ауыл жастарының жанжалынан кейін болған.

Қазір 20-24 жас аралығындағы жігіттер Сарысу аудандық ауруханасына жеткізілген.

Анықталғандай, 22 жастағы жігіт жанжалдан кейін 16-шы калибрлі қарумен шамамен 30 метр жерден бес жігітке оқ атқан.

Атыс салдарынан екі адамның аяғы жараланып, біреуінің ішіне оқ тиген. Үш жігіт аудандық ауруханада, ал екеуі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынының жансақтау бөлімінде. Екеуінің басына оқ тиіп, біреуінің басына қан құйылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар