Ауыл мұғалімінің шетел жұлдыздарына ән жаздым дегені жалған болып шықты
Фото: Тіл кеспек жоқ
Танымал менеджер, концерт директоры Данияр ауыл мұғалімі Ерқанат Ерғазыұлының шетелдік әртістердің әндеріне продюсерлік еткені өтірік деп айыпталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, бұған дейін ауыл мұғалімі Ерқанат Ерғазыұлы Say Mo, BikaBreezy, De Lacure, Rick және т.б әртістердің әнін әрлегенін хабарлаған едік. Ол Абай ауданы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Алайда мұғалімнің айтқандары жалған болып шықты.
Бұл туралы менеджер әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Ол Ерқанаттың айтқандарын 1,5 ай бойы зерттеген. Толық ақпарат жинаған. Ол алдымен музыкалық алаңдардағы credits-терде Ерқанат автор ретінде көрсетілмегенін мәлімдеді. Кейін менеджер кез келген әннің авторын тексеруге болатын Genius.com сайтынан да Ерқанаттың есімін таппапты. Осыдан соң Данияр Ерқанатпен байланысқа шыққан.
«Егер сен сол тректерге шынымен продюсерлік еткен болсаң, ал сені автор ретінде белгілемеген болса, саған көмектесіп, олардан айыппұл өндіріп ала аламыз» деп айттым. Мен 1,5 ай бойы күттім, бірақ Ерқанат маған ештеңе жібермеді. Менің хаттарыма жауап бермей, инстаграмнан мені жауып тастаған. Бұл оның тарапынан біртүрлі әрекет болып көрінді», - дейді Данияр.
Сонымен қатар Данияр Ерқанаттың Pharaon лақап атымен белгілі әншінің де тректеріне продюсерлік еткенін растамады. Ол таныстары арқылы Pharaon-ның менеджерлеріне шыққан. Олар Ерқанаттың әнге ешқандай қатысы жоғын айтыпты.
Менеджер Ерқанаттың тағы бір былығын ашты. Ерқанат Ерғазыұлы танымал пуэрто-рикандық рэпер, әнші Bad Bunny-дің өзі жеке хат жазғанын айтқан еді. Алайда Данияр хатты тексеріп, оның мәтіні 100 пайыз жасанды интеллект арқылы жазылғанын айтты.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді