«Ауқатты кәсіпкер» астаналық тұрғындарды алдап соққаны үшін сотталды
Фото: freepik.com
Астанада ер адам өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, төрт адамды іскерлік ынтымақтастық мақсатында автонесие алуға көндірген. Несиелерді төлемей ізін суытқан күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратура мәліметінше, ер адам несиеге алынған көліктерді Ресейге сатып, пайда тапқан. Ол жәбірленушілерге несиені өзі төлейтінін айтып, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген. Бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Ал астаналық 4 тұрғын банк алдында қарыздар болып қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.
Сот елорда тұрғынын кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, «Мамский әңгіме» подкастының авторы тележүргізуші Айнұр Илясова А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігер-анестезиологы оған жеке хабарласып, ақша талап еткенін әшкере етті.
Жаңалықтар
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды