Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды

cover Көрнекі сурет ЖИ көмегімен жасалған

Ауғанстан билігі (Талибан өкілі Хамдулла Фитрат) мәлімдеуінше, 16 наурыз күні кешке Пәкістан әуе соққысымен Кабулдағы наркологиялық ауруханаға (Omid Addiction Treatment Hospital, 2000 төсек-орындық) соққы жасап, 400 адам қаза тапқан, тағы 250 адам жарақат алған. Бұл туралы Tolo News хабарлады.

Пәкістан тарабы бұл айыптауды толық жоққа шығарып, соққылар тек әскери нысандар мен террористік топтардың (ТТП сияқты) лагерлеріне бағытталғанын, азаматтық нысандарға тигізбегенін мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ пен CNN видеолары зақымдалған ғимараттардан мәйіттерді шығарып жатқанын, өрт болып, қара түтін көтерілгенін көрсетеді. Бұл оқиға — ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан Ауғанстан–Пәкістан қақтығысының ең ауыр эпизодтарының бірі.

Пәкістан Исламабад, Баджаур, Баннудағы ақпан терактілеріне жауап ретінде «Талибанға қарсы ашық соғыс»  жариялап, әуеде және жерде соққыларды күшейткен. Ал Талибан өкілі Забихулла Муджахид шекарадағы пәкістандық посттарға қарсы шабуылдар жасайтынын айтқан.

Ауғанстан–Пәкістан қақтығысы

2026 жылдың ақпан айынан бастап екі көрші ел арасындағы шиеленіс күрт күшейді. Негізгі себеп — Пәкістандағы террористік шабуылдар (әсіресе Tehrik-e-Taliban Pakistan / ТТП / пәкістандық талибан топтарының әрекеттері). Пәкістан Кабулды ТТП-ның қауіпсіз жері ретінде айыптап, олардың лагерлерін жою үшін әуе соққыларын бастады.

Негізгі оқиғалар хронологиясы

  • Ақпан басында: Пәкістанда (Исламабадтағы шиит мешіті, Баджаур, Банну) бірнеше ірі теракт болды, одан жүздеген адам қаза тапты. ТТП жауапкершілікті өз мойнына алды.
  • 21–22 ақпан: Пәкістан әуе соққыларын Нангархар, Пактика, Хост провинцияларына жасады (ТТП лагерлеріне деп мәлімдеді). Ауғанстан жағы азаматтық нысандарға тигенін, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтты.
  • 26 ақпан: Талибан шекара бойында (Дюранд сызығы) пәкістандық посттарға ірі шабуыл жасап, Пәкістан әскеріне шығын келтірді.
  • 27 ақпан: Пәкістан қорғаныс министрі Хаваджа Асиф «ашық соғыс» жариялады. Операция атауы — Ghazab Lil Haq («Әділетті ашу»). Кабул, Кандагар, Пактия провинцияларына әуе соққылары жасалды. Пәкістан әскери нысандар (бригада штабтары, қару қоймалары, танктер) жойылғанын мәлімдеді (133-тен астам пәкістандық әскери қаза тапқанын, 200-ден астам жаралы екенін айтты).
    Талибан өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, соққылар әскери нысандарға тиген жоқ, азаматтық аймақтар зақымдалды деп мәлімдеді, бірақ зардап шеккендер аз екенін айтты.
  • Наурыз айы: Соққылар жалғасып, 16 наурызда Кабулдағы наркологиялық ауруханаға (Omid Addiction Treatment Hospital) соққы жасалды. Ауғанстан билігі 400 адам қаза тауып, 250 жараланғанын хабарлады. Пәкістан бұл айыптауды жоққа шығарып, тек әскери нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Дюранд сызығы деген не?

Мұнда мәселенің мәні «Дюранд сызығында». Тарихқа көз жүгіртейік. Бұл Ауғанстан мен қазіргі Пәкістан арасындағы 2 600 шақырымға созылатын шекара. 1893 жылы белгіленген және атауын оны келіссөз арқылы бекіткен британ дипломаты — Мортимер Дюранд есімінен алған. Сол кезде ол Британ Үндістанының сыртқы істер хатшысы болған және Кабулда ауған әмірі Абдуррахман ханмен келісімге қол қойған.

Бұл сызық пуштун тайпаларының тарихи жерін екіге бөліп тастады: бір бөлігі Ауғанстанда қалды, екіншісі Британ Үндістанының құрамына өтті (кейін 1947 жылы ол аумақ Пәкістан құрамына кірген). 
Ал даулы болуының басты себебі — Ауғанстан билігі бұл келісімді отарлық қысыммен жасалған уақытша құжат деп санайды. Сондықтан шекараны мойындамайды. Осылайша «Дюранд сызығы» жай географиялық атау емес, 130 жылдан бері шешілмеген тарихи, этникалық және саяси даудың символы.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар