Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны екі мыңға жетті

cover Сурет: АР

Ауғанстанның солтүстік-батысында кеше магнитудасы 6,3-ке жеткен бірнеше күшті жерасты дүмпулері болды.

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясының маңында болған магнитудасы 4,6-дан 6,3-ке дейінгі бірнеше жер сілкінісі екі мыңнан астам адамның өмірін қиды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бірінші жер сілкінісі бірден бірнеше күшті дүмпулерге ұласты.

Жер сілкінісі салдарынан алты ауыл толығымен қираған. Бұл туралы Талибанның уақытша үкіметіндегі Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Абдул Вахид Раян айтты.

Оның айтуынша, қазір 2 мыңға жуық адамның мәйіті табылған. Бірақ, құтқарушылардың айтуынша, үйінділер астында әлі адамдар болғандықтан, зардап шеккендер саны артпақ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар