Ауғанстандағы жер сілкінісінен бес жүзден астам адам қаза тапты

cover Фото: Pixabay

Ауған елінде болған жер сілкінісінен бес жүзден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Зардап шеккендерді эвакуациялау жалғасуда.

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі бірінші қыркүйекке қараған түні болды. Жер асты дірілінің күші - 6,2 балл. Мемлекеттің барлық оңтүстік провинцияларында, әсіресе Пәкістан шекарасының маңындағы Кунар, Нангархар және Лагманда жойқын жер сілкінісі болды.


Фото: Әлеуметтік желіден

Ауғанстанның әскери-әуе күштері жер сілкінісі аймағынан жаралыларды шұғыл түрде эвакуациялауда. Ақпарат және мәдениет министрлігі қан құю үшін зардап шеккендерге қан жетіспейтінін мәлімдеді.

Қираулар тау бөктерін қамтыды, бұл жерде құтқару операциясын жүргізу өте қиын.

«Адам шығыны мен инфрақұрылымға келтірілген залал туралы нақты ақпарат алу үшін уақыт қажет», - деді Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Шарафат Заман.


БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы сондай-ақ елдің шығыс провинцияларының зардап шеккен тұрғындарына көңіл айтты. Ұйым өзінің аймақтағы топтары зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

2022 жылы Ауғанстанның Пактика және Хост провинцияларындағы жер сілкінісі салдарынан мыңға жуық адам қаза тапты. Сілкініс күші алты балдан асты. 2023 жылғы қазанда Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясында магнитудасы 4,6-дан 6,3 балға дейін бірнеше жер сілкінісі болды, ол кезде екі мыңға жуық адам қаза тапқан  болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар