Ауғанстан президенті «Талибан» қозғалысының күшейгенін айтты

cover

Парламент отырысы кезінде Ауғанстан президенті Ашраф Ғани АҚШ әскерін елден шығару туралы шешімнің тез қабылданғаны жағдайды қиындатқанын айтты. Сондай-ақ, Ашраф Ғани Талибандардың қатыгездіктері артқанын еске салды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ғани «қазіргі жағдайдың себебі - бұл шешімнің (әскерлерді шығару туралы, ред.) кенеттен қабылдануы» деген ойда. Ол Вашингтонға мұның салдары туралы ескерткен.

Ғани бөлшектенген және тәжірибесіз Талибандар енді ұйымдасқан және басқарылатын құрылымға айналғанын мойындады.

Мамыр айының басында Талибан қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстан әскерлеріне қарсы шабуыл бастады және әр түрлі мәліметтер бойынша ел территориясының 50-80 пайызын басып алды. Талибандардың мақсаты-Ауғанстанды 1996-2001 жылдардағы ислам әмірлігіне айналдыру.

- Кейбіреулер Талибан өзгерді дейді. Иә, олар (содырлар, ред.) өзгерді, олар қатыгез бола бастады, - деді Ғани.

Ауған президенті «ұрыс даласындағы» жағдай өзгермейінше, Талибан жауынгерлері бейбітшілікке ұмтылмайтынын және келіссөз үстеліне қайта оралмайтынын айтты.

Қазір Ауғанстанда үш ірі провинциялық орталығы - Герат, Кандагар және Лашкаргах үшін қатты шайқастар жүріп жатыр.

Президент Талибан репрессиясының негізгі құрбандары ауғандық әйелдер мен бұқаралық ақпарат құралдары екенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар