Атыруда жоғалған аңшының денесі табылды

cover Фото: әлеуметтік желіден

Атырау облысында жоғалып кеткен аңшыны іздеу жұмыстары аяқталды. Ол бесінші күні өлі күйде табылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсанда шамамен сағат 15:10-да іздестіру тобы Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан «Ботақан» кен орны аумағындағы қамыс арасынан жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Қосымша мәліметтер хабарланбады.

Полиция департаменті қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда аңға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Оның денесі табылған аумақ Құлсары қаласынан 65 шақырым, Атырау қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар