Атыраулық 63 жасында жеке басын куәландыратын құжатын алды

cover

Антолий Жбанов осы уақытқа дейін соңғы рет 32 жасында алған ескі төлқұжатымен өмір сүріп келген.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бүгін ол Кеңес дәуіріндегі төлқұжатын жаңартып, Қазақстан Республикасы азаматы екендігін куәландыратын құжатқа ие болды.

— Өмірге қайта келгендей болдым. Қайырымды жандардың арқасында қатарға қосылдым, - дейді ол.

Тағдырдың тәлкегімен жолдасы,екі қызы өмірден өтіп жалғыз қалған азамат 2001 жылы баспанасыз қалған. Қазір қайырымды жандар ұсынған шағын үйде өмір сүріп жатыр. Енді төлқұжатын алған азамат зейнетақысын рәсімдемек.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша жыл басынан бері мұндай санаттағы 9 азамат анықталып, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатымен құжаттандырылған.

Эльмира Тұңғатарова, Атырау

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар