Атыраудың мал базарында сібір жарасы анықталды
фото: envato
Атырау қаласындағы мал базарларының бірінде өлген малдан сібір жарасы анықталды. Қазір базарда мамандар тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Qazaqstan.tv мәліметінше, 12 қараша күні мал базарының қызметкері көршілес БҚО-дан әкелінген сиырдың өліп жатқанын байқаған. Содан төрт күн өткеннен кейін мал дәрігерлері бірден сынама алып, экспертизаға жіберген. Базарда қазір 56 сиыр, 79 ұсақ мал, 7 жылқы бар.
Төрт-түліктің базарда тұрғанына бір жетіден асқан. Бұл өз кезегінде қалтаға да оңай соқпай тұр, дейді кәсіпкерлер.
«2 аптаға жабамыз деп жатыр. Жабылғасын жем-шөбін кім береді. Жауып жатқан адамға жауап бересіңдер ме десек, жоқ дейді. Оның бәрі шығын»дейді кәсіпкер Махамбет Мақатов.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, қала карантинге жабылмайды.
«Базар жабылды, қазір толықтай екпе егіліп, 14 күн бақылауға алынады. Сосын дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Басқа жерден ауру анықталған жоқ»,деді комитет басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұркен Баяров.
Бұдан бөлек мамандар мал иелерін де тексеріп жатыр. Қалада ауқымды 5 мал базары бар. Олар да жақын арада толық тексеріліп, дезинфекция жүргізіледі.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты