«Атыраудан Ақтауға қашты»: Азаматтық әйелін пышақпен өлтіруге оқталған ер адам ұсталды

cover Фото: НеМолчиKZ

Атырауда 9 маусым күні  өзінің азаматтық некедегі 33 жастағы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған 29 жастағы күдікті ұсталды.

Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті Ақтау қаласында көп қабатты үйлердің бірінде ұсталды. Оған  «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жүргізілген кешенді және жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 9 маусымда Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қала үйлерінің бірінің кіреберісінде 1991 жылғы әйелді өлтірмек болған 1995 жылы дүниеге келген күдіктіні ұстады. Ол Ақтау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде жасырынған» деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар