Атыраудағы жанармай қоймасы 324 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

cover

Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтайтын парк ірі көлемде айыппұл төлейтін болды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлескен тексеру барысында «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.

Сот ЖШС-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігімен 324 миллион теңгееден атам айыппұл төлеу әкімшілік жауапкершілігіне тартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бұған дейін отын-энергетика кешеніне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,6 млрд теңе айыпұл салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар