Атыраудағы ірі компания мемлекетке 600 млн төлейді

cover Фото: Pixabay

Атыраудағы «ANACO» ЖШС компаниясы мемлекетке 600 миллиондай айыппұл төлейтін болды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Тексеріс барысында 2018-2023 жылдар аралығында «ANACO» ЖШС-ның қызметінде елеулі заң бұзушылықтар анықталды.

Тексеріс нәтижелері бойынша, компания 4 237 248 м³ шикі газды жоғалтқан, бұл Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағы талаптары бойынша заң бұзушылық саналады.

Батыс өңіраралық мемлекеттік мұнай-газ кешенінің инспекция басқармасы прокуратураның қадағалау актісі негізінде келтірілген шығынды 673 130 278 теңге мөлшерінде деп есептеді.

Бас прокуратура жер қойнауын пайдаланушы компания өз еркімен 285 000 000 теңге көлемінде шығынды өтегенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар