Атыраудағы әскери мектепте балаларды электрошокермен ұрып-соғуда
Фото: Нұргүл Еспусінова
Атыраудағы әскери мектепте балаларды электрошокер қолдану арқылы ұрып-соғып, физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл жағдайға қатысты оқушының анасы полицияға жүгінген, бірақ әзірге іс алға жылжымай тұр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Жеті баланың анасы Нұргүл Еспусінова оқиға 4 желтоқсан күні болғанын айтты. Оның ұлы 10 сынып оқушысы, қазіргі уақытта үйде және сабаққа қатыспайды.
«Жатақхана тәрбиешісі менің ұлыма физикалық зорлық-зомбылық көрсетті. Оны ұрып-соғып, электрошокер қолданған және пышақпен қорқытқан. Оның денесінде іздер қалды. Мен жағдайды анықтауға тырысқанымда, директор мен тәрбиеші орнында болған жоқ. Осыдан кейін директор ұлымды мектептен шығарып тастады. Ұлымды мектептен шығару себебін сұрағанымда, оның сөмкесінен насыбай табылды деген жауап алдым. Алайда, насыбай табылған кезде ұлым мен куәлардың ешқайсысы жақын жерде болмаған. Ұлымды қорқытып, түсініктеме жазуға мәжбүрледі», — дейді анасы.
Сонымен қатар, баланың кінәсіздігін дәлелдеу үшін медициналық орталыққа апарған. Ағзасында насыбай бар-жоғын анықтау үшін жүргізілген талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Алайда «Сармат» мектебі бұл дәлелдерді қабылдаудан бас тартты.
«Менің ұлымның кінәсіз екенін дәлелдейтін құжаттар мен талдау нәтижелері бар. Мен полицияға арыз бердім, бірақ екі аптадан астам уақыт өтсе де, ешқандай әрекет жасалған жоқ», — дейді анасы.
Іс әлі шешімін таппағандықтан, іске қоғамдық ұйымдар араласыпты.
«Тәрбиеленушілерге физикалық зорлық-зомбылық пен электрошокер қолдануға жол берілмейді. Бұл тек заңды ғана емес, моральдық принциптерді де бұзады. Біз ашық тергеу жүргізуді және осы оқиғалар неліктен назардан тыс қалғанына жауап беруді талап етеміз. Балалардың өмірі мен денсаулығы қатаң қорғауда болуы керек, ал кінәлілер өз жазасын алуы тиіс», — дейді Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Сандуғаш Көкенова.
Orda.kz тілшісі білім басқармасы мен полиция департаментінен түсініктеме сұраған еді, бірақ жарияланған сәтте бұл мекемелерден жауап алынған жоқ.
Бұ,ан дейін Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім қызды тізерлетіп, ұрып-соққандығы жайлы жазған болатынбыз. Полиция бұл жағдайды буллинг деп танудан бас тартқанымен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кінәлі тарапты арнайы мектепке жіберді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды