Атырауда тапа-тал түсте қыз ұрлаған ер адамға айыппұл салынды
Фото: Pexels
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында тапа-тал түсте қыз ұрлаған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот анықтағандай, ер адам танысын көлігіне отырғызып, жолда екеуінің арасында жанжал туындаған. Қыз сапарын жалғастырудан бас тартып, көліктен түсіп қалған. Алайда, ер адам оны қайтадан көлікке күшпен отырғызуға тырысқан. Қыз түсініктемесінде ер адамның оны үйіне дейін жеткізгенін айтып, оған ешқандай шағымы жоқ екенін көрсеткен.
«Ер адамның кінәсі оның мойындау көрсетулерімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, рапортпен және жауап алу хаттамасымен дәлелденді», деп хабарлады сот.
Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.
«Кінәсін мойындауы және өкінуі жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», деп мәлімдеді сот.
Сот қаулысы бойынша құқықбұзушыға 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты