Атырауда сібір жарасы анықталды

cover

Атырауда мал сою цехы қызметкерінен сібір жарасы расталды. Бұл індет бұған дейін сол мал базарында анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мамандар сібір жарасынан өлген сиырмен байланыста болған адамдардың бір тобын анықтады. Қауіпті топқа 17 адам кірді. Олардың барлығын инфекционистер тексеріп, қазір медициналық бақылауда ұстап отыр. Жұқтырған мал союшы ауруханада жатыр, дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты. Басқаларында аурудың белгілері байқалмаған.

«Инфекция ошағын оқшаулау және оның таралуын болдырмау шаралары санитарлық және ветеринарлық нормаларға қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр. Ветеринарлық бақылау мамандары карантин аймағындағы барлық малға толық вакциналау жүргізді. Сонымен қатар, аумақты санитарлық өңдеу жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады Атырау облысы әкімдігі.

Облыс шекараларында полицейлер мен ветеринарлар кезекшілік етуде. Олар вакциналау құжаттары мен жануарлардың жағдайын тексеріп, термометрия жүргізіп жатыр.

Аймақтағы барлық мал сою цехтарында да осындай шаралар ұйымдастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар