Атырауда мұнай компаниясының менеджерін аяусыз пышақтап өлтірді
Фото: freepik.com
Атырауда мұнай компаниясының менеджері қаскөйлердің құрбаны болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары бюросы мәлімдеді. Қаза тапқан 46 жастағы Бибігүл Шпанованы тұрғын үйінде пышақтап кеткен. Ол NCOC компаниясында игеру жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
«Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған, үйдегі сейф бұзылған. Қаза тапқан әйелдің туыстары әділ әрі бейтарап тергеу жүргізу үшін біздің бюромыздан көмек сұрады», — деп хабарлады ҚАҚБ.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, қылмыстың кәсіби қызметімен байланысын да тергеу керек екен.
Атыраулық кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген адамның кім екені анықталды. Атырау облысының полицейлері күдікті ретінде 1987 жылы туған ер адамды ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктіні тінту кезінде айғақтар табылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Полиция 45 жастағы әйелдің қайтыс болуына қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеуді бастады.
Айта кетейік, Абай облысында сотталған адамды қатыгездікпен өлтіріп кеткен еді.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес