Атырауда көлігін сырып кеткені үшін кісі өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Көлігін абайсызда сырып ақысын жанымен өтеген Амандық Сағынғалиевтың өліміне себепкер болған азаматқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, Марқұм Амандық Сағынғалиев Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан қаланың ірі сауда орнына келіп, «ГАЗель» көлігін тұраққа қойып жатқанда байқаусызда «Mercedes-Benz» көлігінің есігін сырып кетті. Көлік иесі Мұхтар Ахмедов оны соққыға жықты. Есінен танып қалған азамат ауруханаға жеткізіліп, бес күннен кейін алған жарақатынан көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысында марқұмның жабық бас-ми жарақатынан, бас сүйегі сынығынан және миға қан құйылуы салдарынан қайтыс болғаны көрсетілді.
Азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 39 жастағы айыпталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ марқұмның жары мен баласына 20 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.
Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірақ сот сотталушының кәмелетке толмаған 5 баласы барын ескерді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?